«Қайраусыз өтер қара қылышым-ай» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қайраусыз өтер қара қылышым-ай»

28.01.2014
«Қайраусыз өтер қара қылышым-ай»
 
Қабанбай Қожақұлұлы. Қаракерей Қабанбай - жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып, «Қабан батыр» атанған. Азан шақырып қойылған есімі – Ерасыл.
 
Қабанбай батырдың ойрат қолын ойсырата жеңіп, ерлік жасағанына риза болған хан Абылай: «Қайраусыз өтер қара қылышым-ай! Даңққа жеткізген дара бозым сен екенсің ғой! Егер биікке бекініп алған жау қамалына қалың қолды көтеріп сен шаппағанда, бүгінгі шайқастың немен бітері неғайбыл еді. Бүгіннен бастап Қабанбай атың хан ұранына айналып, жорықтағы есімің Дарабоз болсын!»,- деп құшағына алып, үстіне алтын зерлі тонын жапқан екен.
 
Бүгін 17.00-де «Қабанбай батыр» деректі фильмін көріңіз.

Хабарламаларға жазылу