Қазақстан Қырғыз Республикасына 100 млн. доллар бөледі. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 4-ші отырысының қорытындысынан кейінгі бірлескен мәлімдемеде Қырғыз Президенті Алмазбек Атабаев айтты.
«Біз Еуразиялық одаққа кірмекпіз. Осы ретте Қазақстан өзінде артық қаржысы болмаса да Қырғыз елін қолдауға 100 млн. доллар бөледі. Мұндайды бауырлас халық қана жасай алады», - деді А.Атамбаев.
Кездесу барысында Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық, отын-энергетикалық, көлік-транзиттік, және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Н.Назарбаев пен А.Атамбаев Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық үрдістердің негізгі даму бағыттары туралы сөз қозғады.