Меңдіхан Тәпсірұлы: Біздің спортшылар есе жібермейді деп сенеміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Меңдіхан Тәпсірұлы: Біздің спортшылар есе жібермейді деп сенеміз

07.11.2014
Меңдіхан Тәпсірұлы: Біздің спортшылар есе жібермейді деп сенеміз

Қарашаның 8-16 аралығында Алматыда ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтеді. Осыған орай ҚР ауыр атлетикадан мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсірұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Біз дайындықты жыл басынан бастаған едік. Жарысқа 72 мемлекеттен 538 спортшы келді.  Ал, жалпы қонақтардың саны мыңнан асады. Қазақстан атынан 15 спортшы 11 салмақ дәрежесі бойынша шығады. Әйелдер арасында 58 келіге және аса ауыр салмақ +75-ке, ал, ерлер арасында 62 және 85 келі салмаққа бізден өкілдер жоқ. Есесіне, кейбір салмақтарда бізде екі адамнан шығады»,-дейді жаттықтырушы.

«Лондон Олимпиадасына қатысқан спортшылардың барлығы қатысуға ниетті. Тек Светлана Подобедова ғана қатыспайды. Ал, Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло, Илья Ильин қатысады.  Шетелден азулы қарсыластар келген. Бірақ, біздің спортшылар есе жібермейді деп сенеміз».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу