Инчхон-2014. Қазақстандық баскетболшы қыздар Моңғолия құрамасын ұта алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Қазақстандық баскетболшы қыздар Моңғолия құрамасын ұта алмады

25.09.2014
Инчхон-2014. Қазақстандық баскетболшы қыздар Моңғолия құрамасын ұта алмады

Бүгін Азия ойындарында баскетболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы «А» тобында Моңғолия спортшыларына 53:79 (16:24, 9;16, 9:15, 19:14) есебімен есе жіберді.

Біздің спортшылар арасында ең көп ұпайды Надежда Кондракова (17 ұпай) жинады.

Ертең біздің спортшылар Катар құрамасымен ойнау керек еді. Алайда хиджабсыз ойнауға келісім бермей, жарыстан шығып кетті. Сондықтан қазақстандық баскетболшы қыздар автоматты түрде 20:0 есебімен жеңіске жетті. Енді олар топтық кезеңнің аяқталуы мен плей-офф кезеңіндегі қарсыласын күтеді.

 

Хабарламаларға жазылу