«Сенбілік таң». Дәулеткерей Кәпұлы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң». Дәулеткерей Кәпұлы

23.01.2016
«Сенбілік таң». Дәулеткерей Кәпұлы

Дәулеткерей Кәпұлы - 1977 жылы 9 тамызда дүниеге келген. 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2002 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін тәмамдаған.

Әр жылдардағы республикалық айтыстардың бас жүлдегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при иегері, Түркітектес халықтардың Қаражолан атындағы VIII еларалық поэзия фестивалінің лауреаты, «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

«Сүтті іңір», «Бүлдірген ағып түскенше», «Шер толғақ» жыр жинақтарының авторы.

«Сенбілік таң» бағдарламасы ақынның отбасында қонақта болған еді. Сол сұхбаттың қайталау нұсқасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу