Қазақстанның құрғақ порттары халықаралық мәртебеге ие болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның құрғақ порттары халықаралық мәртебеге ие болмақ

05.11.2014
Қазақстанның құрғақ порттары халықаралық мәртебеге ие болмақ

Бұл халықаралық жүк тасымалы көлемін өсіруге, сонымен бірге, шекараларды жүріп өткендегі кідірістер мен шығындарды қысқартуға мүмкіндік туғызады.

«Құрғақ порттар» туралы келісімді құру жөніндегі шешім БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитының  Экономикалық және әлеуметтік комиссиясына мүше мемлекеттердің 69-шы сессиясы барысында мақұлданған, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.  

Бүгінгі күнде құжаттың жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісу үрдісін өтуде. Келісімге биылғы жылдың соңына дейін қол қойылады, деп күтілуде.

 «Құрғақ порттардың» функцияларына тасымалданатын жүктерді өңдеу, сақтау, байқаудан өткізу, сонымен бірге кедендік бақылау жасау енеді.

Қазақстанда «құрғақ порттар» қатарына Ақтөбедегі көліктік-логистикалық орталық және «Даму» индустриалды-логистикалық орталығы (Алматы) кіреді.

Хабарламаларға жазылу