Астана қаласын азық-түлікпен қамтамасыз етуді және әлеуметтік маңызды тауарлар бағасын ұстап тұруды мақсат еткен тұрақтандыру қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану аясында жалпы көлемі 5 262 тоннаны құрайтын өнім сатып алынды, деп хабарлады astana.gov.kz.
2014-2015 жылдарға арналған азық-түлік тауарларының 10 түрі бекітілді. Соның ішінде, картоп, сәбіз, қызылша, пияз, қырыққабат, күріш, қарақұмық, қант, ұн, күнбағыс майы бар. Аталған тауарлардың барлығы сауда орындарына жіберілмес бұрын «Аstana» ӘКК» ҰК» АҚ-ның екі көкөніс қоймасында сақталады.