Солтүстік Қазақстан облысында қант тапшылығы жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында қант тапшылығы жоқ

15.03.2022

Солтүстік Қазақстан облысында қант тапшылығы жоқ. Қазір қорда 500 тонна өнім бар. Оның үстіне жуық арада «Азық-түлік корпарациясынан» 136 тонна қант сатып алынбақ. Қазір, тауар әлеуметтік сауда орындарында әкімдік бекіткен бағаға сай, 312 теңгеден сатылуда. Сондықтан, жергілікті билік қант тапшылығы болады деген жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады. Былтыр өңір халқы 800 тонна қант тұтынған.

Данияр Исаев, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

Соңғы күндері қантқа деген сұраныс күрт артты. Осыны ескеріп, «Азық-түлік корпорациясымен» қосымша келісім жасалды. Отандық және ресейлік зауыттардан қант сатып алынды. 2021 жылы тұрақтандыру қорына 800 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл сома 1,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.


Хабарламаларға жазылу