Маңғыстауды азық-түлікпен қамту үшін 5 млрд теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауды азық-түлікпен қамту үшін 5 млрд теңге бөлінді

16.03.2023

Маңғыстауға азық-түліктің 80 пайызы өзге өңірлер мен шет мемлекеттерден тасымалданады. Президент жолдауда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бағаны тұрақтандыруды тапсырды. Осыған байланысты аймақта қандай жұмыстар қолға алынды?

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Өңірде азық-түлік бағасының жыл басында қымбаттағаны рас. Бағаның өсуіне-тауардың қымбат келуі, шетелдерде экспортқа шектеу қойылуы себеп. Соңғы жылдарда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жергілікті бюджеттен 5 млрд-қа жуық қаржы бөлінді. Ал, биыл жыл басында 500 млн теңге қарастырылды. Қазір менің жанымда облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева тұр. Жанна Жұмабайқызы, азық-түлік тапшылығын болдырмау үшін нақты қандай шаралар қолға алынды?

Жанна Тоқбаева, Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы:

Аймақта бағаны тұрақтандырудың екі жолы жүзеге асырылуда. Біріншісі, кәсіпкерлер «айналым механизмі» арқылы төмен пайызбен несие алып, бағаны белгіленген мөлшерден асырмай ұстайды. Ал, екінші жолы, тұрақтандыру қорын азық-түлікпен толықтырып, тауар тапшылығына жол берілмейді. Бөлінген қаржы осы жұмыстарды одан әрі жалғастыруға мүмкіндік беріп жатыр. Бүгінгі таңда қорда ? мың тоннадан астам азық-түлік бар. Бізде пияздың қымбаттауы болды, сол кездерде қордағы өнімді нарыққа шығара қойдық. Үлкен сауда отындарымен келісімдеріміз бар. олар бағаға тек 15 пайыз ғана қосуға уәде берді. Бұл жұмыстар жалғаса береді.

Жалпы облыста ауыл шаруашылық өнімдері мен қатар, егін шаруашылығы жақсы дамып келеді. Қазір 150 дей шаруа қожалығы бар. Былтыр олардан бақша өнімдері мен көкөністі қосқанда, 26 мың тоннадан астам өнім жиналған. Оған қоса, 64 жылыжай жұмыс істейді. Жергілікті өнімдер бағаның шарықтап кетпеуіне айтарлықтай ықпал етіп отыр.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу