Ауғанстанның жаңа президенті тегін өзгертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанның жаңа президенті тегін өзгертті

04.11.2014
Ауғанстанның жаңа президенті тегін өзгертті

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани Ахмадзай өзінің Ахмадзай есімінен бас тартып, енді Ашраф Ғани болды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

Сәйкестендірілген нұсқауды мемлекет басшысының кеңсесі үкіметтік мекемелер мен БАҚ-қа жіберді, деп хабарлады агенттікке президенттің баспасөз хатшысы Файек Ваяхиди.

Өзгерістер президенттің куәлігіне де енгізілді. Ахмадзаи - Ауғанстандағы ірі пуштун тайпаларының бірі. Оның көптеген мүшесі тайпаның атын өзінің шығу тегін көрсету үшін есімінің соңына қосады.

Айта кетейік, Ашраф Ғани Ахмадзай Ауғанстандағы президенттік сайлауда жеңіске жетті. Оған сайлаушылардың 56,44 пайызы дауыс берген.

Сурет: kun.uz 

Хабарламаларға жазылу