Мәскеуде Талибан-Ауған келіссөздері басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Талибан-Ауған келіссөздері басталды

06.02.2019

Оны Ауғанстанның көрнекті саясаткерлері, оппозиция өкілдері және тәліптердің жетекшілері жүргізіп жатыр. Дегенмен, бұл диалогқа Ауғанстан үкіметінің өкілдері шақырылмаған. Кездесудің негізгі тақырыбы – әскери жанжалдарды тоқтату және Ауғанстанның болашағы.

Осыдан 10 күн бұрын «Талибан» Қатар астанасы Дохада АҚШ-пен де келіссөздер жүргізді. Оның нәтижесінде Америка Ауғанстаннан мыңдаған жауынгерін әкетіп, тараптар 17 жылға созылған соғысты аяқтауға уағдаласты.

Биыл шілдеде Ауғанстанда президенттік сайлау өтеді. Кейбір сарапшылардың ойынша, Ресей сол сайлауда қазіргі президент Ашраф Ғанидің емес, тәліптермен тіл табыса алатын адамның билікке келгеніне мүдделі.

Ауғанстанның бұрынғы Ішкі істер министрі Нур Улуми «Известия» газетіне берген сұхбатында мәлімдегендей, Ауғанстанда жанжал тоқтап, тұрақтылық орнайтын болса, сол тұрақтылық Орталық Азияға игі әсер етеді.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу