Елордалық оқушыларға жарық шағылыстыратын білезік таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық оқушыларға жарық шағылыстыратын білезік таратылды

04.11.2014
Елордалық оқушыларға жарық шағылыстыратын білезік таратылды

Елордада бірінші сынып оқушыларына жарық шағылыстыратын білезіктердің 70 жиынтығы таратылды. Бұл білезік қараңғыда жолдан өтіп бара жатқан адамды байқауға, балалардың мектепке қауіпсіз барып-келуіне, сондай-ақ, балалардың қатысуымен орын алатын жол көлік оқиғасының  санын азайтуға мүмкіндік бермек. Бұл мәселе қыста күн қысқарғанда аса өзекті болады.

Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Лариса Красникованың айтуынша, жарық шағылыстыратын элементтері бар киім-кешекті кию және заттарды алып жүру  кешкі уақытта жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді байқаудың ең тиімді және қарапайым тәсілдерінің бірі. Мұны көптеген шетелдік зерттеу дәлелдеп отыр.

Жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалану жаяу жүргіншіні қағып кету қаупін 6,5 есеге азайтады. Әдетте жүргізуші адамды 25-40 метр бұрын байқайды. Көліктің жақын жарық шамдарымен бұл көрсеткіш 130-140 метрге, ал қозғалыс кезінде алыс жарық шамдарымен жүргенде 400 метрге дейін жетеді. 

Хабарламаларға жазылу