Астанада оқушыларға арнайы белдіктер таратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада оқушыларға арнайы белдіктер таратылды

18.03.2014
Астанада оқушыларға арнайы белдіктер таратылды
Енді елімізде, кешкі уақытта болатын жол апаттарының саны азаюы мүмкін. Себебі, жаяу жүргіншілер үшін арнайы белдік ойлап табылды. Ол қараңғы уақытта айналаға жарық беріп, жаяу жүргінші жолдан өткен жағдайда автокөлік жүргізушілеріне белгі беріп тұрады. Осындай белдіктердің бірқатары бүгін елордалық оқушыларға тегін таратылды.
 
Шара Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды. Сондай-ақ, акция барысында қуыршақ театрының қойылымы ұсынылды.
 
Азамат Садықов, қалалық ІІД-нің Ювеналды полиция бөлімінің бастығы:
«Алыстан көрінген-сөзсіз құтқарылған» іс шарасы өткізілуде. Бұл  шараның мақсаты - жаяу жүргіншілердің жол үстіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу