Елордалық бес медицина қызметкері Таллин, Хельсинки және Тарту қалаларының медицина мекемелерінде онкүндік сынақтан өтіп келді.
Биыл тағы да Астана қаласының стационарларында жұмыс істейтін алты дәрігер мен медбикенің Сент-Луис (Миссури, АҚШ) университетінде тағылымдамадан өтіп, «Ауруларды қабылдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбындағы курстарға қатысуы жоспарланған.
Сонымен қатар, 9 дәрігер «Хирургия», «Акушерлік және гинекология», «Қоғамның денсаулығы», «Анестезиология және реаниматология» мамандықтары бойынша Оңтүстік Корея клиникаларында оқитын болады, деп хабарлайды «Астана ақшамы» басылымы.