Медицина қызметкерлерінің мерекесіне арнайы концерт ұйымдастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Медицина қызметкерлерінің мерекесіне арнайы концерт ұйымдастырылды

18.06.2021

Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің пандемия кезінде атқарған жанкешті еңбегіне алғыс білдіру мақсатында Президенттік оркестр Елордадағы бірнеше ауруханаларда мерекелік концерт өткізіп жатыр.

Медицина қызметкерлерінің төл мерекесіне оарй ұйымдастырылған мәдени шара Президент Медициналық орталығының ауруханасында, Ұлттық ғылыми медициналық орталық пен кардиохирургия орталығында өтті. Мерекелік көңіл-күй сыйлаған шығармашылық ұжымға медицина қызметкерлері де алғысын білдірді.

Жанар Атемқұлова, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі кадрлар департаментінің бас инспекторы:
Медицина қызметкерлерін құттықтауға Президенттік оркестрден эстрада симфониялық оркестр әртістері, ән және эстрада ансамблінің солистері келді. Концертіміз 1 сағатқа жалғасады.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу