Covid-19: Көрші елдердегі жағдай

01.08.2020

Көрші елдердегі ахуалға тоқталсақ. Ресейде қазан айында коронавирусқа қарсы жаппай егу басталмақ. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко мәлімдеді. Айтуынша вакцина клиникалық сынақтан сәтті өткен, қазір тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Алдымен, медицина қызметкерлері мен мұғалімдер егіледі. Содан кейін кезек өзгелерге келеді. Айта кетейік, Ресейде індетке шалдыққандар 845 мыңнан асады, 14 мыңы қайтыс болған.

Аман Сейтхан 

Хабарламаларға жазылу