Қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шыққан Марко Антонио Рубионың промоутері Реджинальдо Кучле мексикалық боксшының жеңілісі туралы өз пікірін білдірді.
«Рубио масқара болды. Ол, тіпті, нокаутқа келмитін соққыға 2-ші раундта сұлап жатты. Бұл – ұят. Осылай ол жанкүйерлерін түңілтті. Енді оның біздің арамызда жүретін еш жөні қалмады. Мұндай адамдарға біздің арамызда орын жоқ», - дейді Кучле.
Айта кетейік, 19 қазанда болған жекпе-жекте нокаутпен Геннадий Головкин жеңіске жетті, деп хабарлайды vesti.kz.