Басты Жаңалықтар Бүгін еліміздің бірқатар облысында тұман түсіп, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің бірқатар облысында тұман түсіп, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің бірқатар облысында тұман түсіп, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің бірқатар аймағында ауа ағынының өтуіне байланысты кейбір жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтілуде. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

Республиканың солтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында күн ашық. Алматы облысындағы Жалаңашкөл ауданында желдің күші 20-25 м/с дейін сақталуда, кейбір жерлерде жел екпіні 30 м/с дейін болады. Оңтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді, Маңғыстау облысында көктайғақ болып, жел (15-20 м/с)  тұрады.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кейбір жерінде тұман түседі, Атырау облысының кейбір жерлерінде көктайғақ болмақ. 

Бөлісу