Жазушылар одағының 80 жылдық мерейтойы екі күн бойы аталып өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушылар одағының 80 жылдық мерейтойы екі күн бойы аталып өтеді

03.11.2014
Жазушылар одағының 80 жылдық мерейтойы екі күн бойы аталып өтеді

Биыл Жазушылар одағының құрылғанына - 80 жыл. Қазақстан Жазушылар одағының алғаш ұйымдасуы Қазақстанның пролетариат жазушыларының қауымдастығы құрылған кезден басталады. Бұл ұйымға республикадағы әдебиет күштерін біріктіру тапсырылды.

1925 жылы қауымдастықтың алғашқы төрағасы болып Сәкен Сейфуллин бекітілді.

Ал, Қазақстан Кеңес жазушыларының бірінші съезі 1934 жылдың 12-18 маусымы аралығында өтті.

80 жылдық мерейтойға арналған шара бүгін Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталады. Бұдан кейін Ұлттық кітапханада кітап көрмелері өтеді.

Шара аясында Жазушылар одағы мен «Фото­өнер» қоғамдық бірлестігі белгілі фотограф Сайлау Пернебаевтың 75 жылдығына арналған фотокөрме ұйымдастырмақ.

Салтанатты жиын сағат 15.00-де Абай атындағы Опера және балет театрында өтеді.

Жиынға Қытай, Түркия­, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы мен Түркіменстан, Башқұртстаннан, Татарстаннан арнайы қонақтар шақырылды. 10-ға жуық мемлекеттен өкілдер келеді, деп күтілуде.

4 қараша күні мерейтой «Қазақ әдебиеті»  газетінің 80 жылдығына арналмақ.  Осыған орай, Әл-Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында ғылыми-практикалық конференция өтеді. 

Хабарламаларға жазылу