Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ресми ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ресми ашылды

28.02.2022

Қостанайда ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ресми ашылды. Облыс орталығында өткен шараға елімізге танымал қаламгерлер, зиялы қауым өкілдері, Мәжіліс депутаттары арнайы келіп қатысты. Жиналғандар алдымен орталық алаңдағы Ахмет Байтұрсынұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Одан әрі Қостанай өңірлік университетінде ақын Серікбай Оспановтың «Ұлт ұстазы» кітабының тұсауы кесілді. Сонымен қатар бірнеше оқу орны мен мәдени ошақтарда бір мезгілде студенттерге «Ахметтану» дәрістері оқылды. Осы іс-шаралар аясында «Маса» Youtube-жобасының да тұсауы кесілді. Естеріңізге сала кетейік, биыл алаш ардақтысының мерейтойы ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтеді.

Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы:

 Ахаң 150 жыл бұрын дүниеге келсе, тірлігінде саналы ғұмырын ұлтқа, ұлттың келешегіне, ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне арнаған адам. Сол Ахаңның мақсаты жылдар бойы жалғасып іс асып келе жатыр деи ойлаймын.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу