Мәскеуде жазушы Сәбит Досановтың шығармашылық кеші өтті

14.03.2015
Мәскеуде жазушы Сәбит Досановтың шығармашылық кеші өтті

Танымал жазушы, драматург, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері биыл - 75 жасқа толды. Қарымды қаламгердің бұл мерейтойы Мәскеу қаласында атап өтілді. Шолохов атындағы халықаралық сыйлық иегерінің жазған дүниелерін, көрші елдің ақын-жазушылары жақсы біледі. Сондықтан Мәскеудегі шығармашылық кешті ұйымдастыруға Ресейдің Жазушылар одағы мұрындық болды.

Жазушының шығармашылық кешіне Мәскеу жұртшылығы молынан жиылды. Ресей Жазушылар одағының өкілдері, орыстың белгілі қаламгерлері мен жергілікті қазақ диаспорасы, Сәбит Досановтың шығармашылығы жайлы естеліктер айтып, оған өз бағаларын берді.

Жиынның соңында мерейтойы иесі, Ресей жазушылары тарапынан екі бірдей марапатқа ие болды. Ол «Василий Шукшин» атындағы медаль мен Сергей Есенин атындағы «Золотая осень» сыйлығы. Бұл - қос елдің әдеби байланыстарын жақындастыру жолындағы көпжылғы еңбектің бағасы.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу