Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Жазушылар одағының 80 жылдығымен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Жазушылар одағының 80 жылдығымен құттықтады

07.11.2014
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Жазушылар одағының 80 жылдығымен құттықтады

Бас мүфти Жазушылар одағының 80 жылдық мерейтойымен құттықтап,  Діни басқарма атынан арнайы сыйлық пен қасиетті Құран Кәрімді тарту етті.

«Біздің жас, тәуелсіз еліміздің тарихында Жазушылар одағының алатын орны ерекше. Бұл қарашаңырақ еліміздің рухани, мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді. Қоғамда идеологиялық пікір қалыптастыратын негізгі күш - қалам иелері. Жазушылар өз туындылары арқылы ізгілікті көбірек насихаттаса, қоғам түзеледі.

Иманды қоғам қалыптастыру - баршаға ортақ борыш. Алла Тағала баршамызға ел игілігі үшін қызмет етуде қажымас қайрат, күш-жігер нәсіп етсін», - деді Ержан қажы Маямеров.

Жазушылар одағының төрағасы Бас мүфтидің бұл қадамын жақсылыққа балап, жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды muftiyat.kz.  

Хабарламаларға жазылу