Үндістанда 182 метрлік торт пісірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда 182 метрлік торт пісірілді

02.11.2014
Үндістанда 182 метрлік торт пісірілді

Үндістанның оңтүстігіндегі Кербала штатында Үндістандағы ең үлкен торт пісірілді. Тәтті тағамның ұзындығы 182 метрге жетеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

26 шеберден құралған топ алып тортты дайындауға 20 сағаттан астам уақытын жұмсапты. Алып тағамның ұзын болғаны сонша, оған арнайы шатыр тігілген.

- Біз тортты пісірген кезде тарих, саясат пен мәдениетті кеңінен қамтуға болатынын көрсеткіміз келді. Сөйтіп, әр түрлі суреттерді арнайы жинақтадым. Бұл тортқа 720 фото жапсырылған. Ал салмағы - 3120 келі, дейді наубайханашы М.П.Рамеш.

Үнділік аспаздар осы шараның арқасында тапқырлықтарын ғана емес, тарихи зердеге ұқыптылығын да паш ете білді. Бұл елде ең алғашқы торт осыдан 131 жыл бұрын, яғни 1883 жылы пісірілген.

Хабарламаларға жазылу