Балқашта Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні мерекелеріне орай 4 метрлік торт пісірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқашта Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні мерекелеріне орай 4 метрлік торт пісірілді

05.12.2018

Жыл сайынғы дәстүрлі байқауға қатысқан кондитерлер тұрғындарды «Ақорда», «Бәйтерек», «Рухани жаңғыру» атты ерекше тәттілерімен тәнті етті. Алып торттың авторы осы кондитерлік салада 15 жылдық тәжірибесі бар Зәмзагүл Майлыбаева. Салмағы 40 келі болатын тәттіні дайындау үшін 10 келі ұн, 10 келі қант пен 200 жұмыртқа жұмсаған. Ерекше бәлішті пісіру үшін үш күн уақыт кеткен. 

Зәмзагүл Майлыбай, кондитер:

- Бисквит, қаймақ барлығын мөлшермен пайдалануың керек. Ең бастысы, дәмі жақсы болуы қажет. Әрине, мұндай үлкен тортты дайындау оңай емес. Сондықтан, қасымда көмекшілерім болды.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу