Талдықорғандықтар қала күнін атап өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғандықтар қала күнін атап өтті

01.10.2018

Жастар саябағында ені - 2, ұзындығы -3 метр болатын алып торт пен диаметрі -3 метр пицца пісірілді. Тәтті тағамды әзірлеуге 50 келі қант, 75 келі ұн және мыңға жуық жұмыртқа жұмсалған. Алматы облысының бас шаһарының туған күніне республикалық басылым басшылары, ақпараттық сайт өкілдері арнайы шақырылды.

Халқының саны 173 мыңнан асқан қаланың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері де еселеніп келеді. Биылғы  8 айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 45 млрд. теңгеге жуықтады. 47 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Салтанатты жиында қала дамуына сүбелі үлес қосқан жандарға Талдықорған қаласының құрметті азаматы атағы беріліп, Азия ойындарында жеңіске жеткен спортшылар марапатталды.

Ділдаш Күрішбаева, Азия ойындарының жеңімпазы:

- Осы марапаттар мені бұдан да үлкен жетістіктерге жетуге жігерлендірді. Алда Әлем чемпионаты күтіп тұр. Сол чемпионатта осы Қазақстанымыздың намысын қорғаймын. Бүгінгі қала күні құтты болсын!

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу