Суреттер мен қысқа бейнежазбаларды жариялайтын Instagram сервисі бұл жоспары туралы 2013 жылдың күзінде жариялаған болатын. Сол жылы кейбір пайдаланушының жаңалықтар топтамасында өздері жазылмаған аккаунттерден жарнамалар көрсетіле бастаған.
Бейнежарнамаларды Instagram қымбатқа сатпақ. Сондай-ақ, сервис жарналамарды сараптап алатынын да жеткізді, деп хабарлайды lenta.ru.
Айта кетейік, сервис 2010 жылы ашылды. Бүгінде Instagram-ды 200 миллионнан астам адам пайдаланады. 2012 жылдан бастап, компания Facebook әлеуметтік желісінің меншігінде.