Биг-Бен «Брексит» уақытын көрсете бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биг-Бен «Брексит» уақытын көрсете бастады

29.03.2017

Ұлыбритания - ЕуроОдақтан шығып жатқан алғашқы ел. Өйткені, бұл ұйым 60 жылда шекарасын кеңейтпесе, тарылтқан емес. Тарихи сәттің куәсі ретінде Биг-Бен сағаты бүгін «Брексит» процесінің басталған уақытын көрсетті.

Мұның алдында елдің үкімет басшысы Тереза Мэй Лиссабон келісімінің 50-ші бабын іске қосу туралы хатқа қол қойып, елінің аймақтық интеграциядан кететінін Еуропа одағы кеңесінің төрағасы Дональд Тускке ресми түрде хабарлады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу