Алматының коммуналдық қызметі қысқы маусымда көшені тазартуға дайын.
Бүгін қала әкімі Ахметжан Есімовтің төрағалық етуімен коммуналдық қызметтің қысқы маусымға дайындығы туралы жиын өтті.
Шаһар басшысы қалаға қосылған аумақтарды ескере отырып, қажетті қаражаттың бөлінгендігін айтты.
«Биыл қалаға 23,2 мың гектар жер қосылды. Енді бұрынғыға қосымша 2,4 миллион шаршы метр жол тазартылатын болады.
Бұл аумақ қыратты, көшелері мен жолдары тар. Мұндай жерлерде қаладағыдай техника қолданылмайды. Сондықтан, «Алматы тазалық» МҚК үшін жаңа 24 техника бірлігін сатып алдық», - деді Ахметжан Есімов.
Шара соңында Алматы әкімі бірқатар тапсырма берді.