Әділбек Жақсыбеков «EXPO» құрылысы алаңында көшпелі кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әділбек Жақсыбеков «EXPO» құрылысы алаңында көшпелі кеңес өткізді

18.06.2015
Әділбек Жақсыбеков  «EXPO» құрылысы алаңында көшпелі кеңес өткізді

Астана қаласының әкімі, «EXPO-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Әділбек Жақсыбеков бірқатар инвестициялық компаниялар басшылары және топ-менеджмент өкілдерінің қатысуымен көшпелі кеңес өткізді.

Жиын барысында қала әкімі атқарылып жатқан жұмыс барысымен егжей-тегжейлі танысып шықты. 

Жалпы ауданы 174 гектар аумақты құрайтын «EXPO» алаңында павильон, конгресс-орталық, амфитеатр, тұрғын үй кешендері салынып жатыр.

Жиын соңында басқарма төрағасы көрме кезіндегі қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.

 

Хабарламаларға жазылу