Құқық қорғау саласындағы кейбір заң талаптарына өзгертулер қажет - Бектас Бекназаров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құқық қорғау саласындағы кейбір заң талаптарына өзгертулер қажет - Бектас Бекназаров

23.08.2018

Заң – халық игілігі үшін. «Құқық қорғау саласындағы заң талаптарының кейбіріне өзгертулер енгізу қажет», - дейді Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров. Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған ол аймақтағы құқық қорғау қызметінің жұмысымен танысып, сала мамандарымен жиын өткізді. Ең әуелі облыстық Ішкі істер департаментінің жеке құрамымен кездесті. Сот саласында бұрын ұзақ жылдар қызмет еткен Сенат төрағасының орынбасары сала мамандарымен құқықтық жүйеде болып жатқан өзгерістерді талқылады. Күнделікті жұмыс барысында кездесетін заңның кейбір шикі тұстарына тоқталды. Құқық қорғау саласы қызметкерлерінің міндеті - ортақ, бағыты - айқын болуы керек. Әрбір істің ақ-қарасын ажырату - маңызды. Осы орайда, білікті маман ретінде өзінің білімі және тәжірибесімен бөліскен Бектас Бекназаров Тараздағы құқықтық қызмет көрсету орталығы мен кәсіпкерлер үйінің жұмысымен де танысты.

Бектас Бекназаров, ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары:

- Парламент заңды қабылдайды, ол біраз жұмыс істегеннен соң кемшін тұстары көріне бастайды. Кезекті сессияға жиналғанда осы мәселелерді қарастыруымыз керек.

 

Гүлнұр ҚАЙРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу