Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бүгін алқалы жиын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бүгін алқалы жиын өткізді

02.03.2016
Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бүгін алқалы жиын өткізді
Елбасының сын-ескертпелері ескерусіз қалмады.

Биыл 16 ақпанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында қаланың даму бағдарламасы жөнінде жиын өткізіп, шаһар әкімшілігіне нақты тапсырмалар берген еді.

Президент қаланы көгалдандыру, аулаларды абаттандырудан бастап, ауқымды шараларға дейін жүзеге асыруды жүктеген. Елбасының сын-ескертпелері 2017 жылы Алатау баурайында өтетін Дүниежүзілік Қысқы Универсиадаға дайындық мәселесіне қатысты болды.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу