2015 жылы Астанада жаңа автопарк өз жұмысын бастайды

29.10.2014
2015 жылы Астанада  жаңа автопарк өз жұмысын бастайды

Астанада қыркүйек айында басталған жаңа коммуналдық автопарк құрылысы бүгінде қарқынды жүргізіліп жатыр. Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, қазіргі кезде ғимаратты салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынған, деп хабарлады Астана әкімдігі сайты.

Автопарк қаланың Индустриалды паркі аумағында орналасқан, жалпы ауданы - 7,4 га және 150 автобусқа есептелген. Бұған дейін нысанда барлық ережелер мен нормаларға сәйкес топографиялық түсірілім жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Коммуналдық қызметтерден инженерлік желілерді қосу үшін барлық қажетті техникалық шарттар алынды, діңгектер қағылды, бағана фундаменті мен тіреуіштер орнатылды.

Құрылыс жоспарына сәйкес жаңа коммуналдық автопарк ғимараты 2015 жылғы шілде айында пайдалануға берілмек. 2015 жылдың соңына қарай 350 заманауи автобус сатып алатын елордалық тасымалдаушы компаниялар үшін аталған нысан аса қажет.

Хабарламаларға жазылу