ФИФА «Алтын допқа» үміткер футболшылардың тізімін жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ФИФА «Алтын допқа» үміткер футболшылардың тізімін жариялады

28.10.2014
ФИФА «Алтын допқа» үміткер футболшылардың тізімін жариялады

Халықаралық футбол қауымдастығының (ФИФА) 2014 жылғы «Алтын доп» жүлдесіне үміткер футболшылардың тізімін жариялады. Тізімге 23 спортшы енген.

Олар: Гарет Бэйл (Уэльс, «Реал»), Карим Бензема (Франция, «Реал»), Диего Коста (Испания, «Челси»), Тибо Куртуа (Бельгия, «Челси»), Анхель Ди Мария (Аргентина, «Манчестер Юнайтед»), Криштиану Роналду (Португалия, «Реал»), Марио Гетце (Германия, «Бавария»), Эден Азар (Бельгия, «Челси»), Златан Ибрагимович (Швеция, ПСЖ), Андрес Иньеста (Испания, «Барселона»), Тони Кроос (Германия, «Реал»), Филипп Лам (Германия, «Бавария»), Хавьер Маскерано (Аргентина, «Барселона»), Лионель Месси (Аргентина, «Барселона»), Томас Мюллер (Германия, «Бавария»), Мануэль Нойер (Германия, «Бавария»), Неймар (Бразилия, «Барселона»), Поль Погба (Франция, «Ювентус»), Серхио Рамос (Испания, «Реал»), Арьен Роббен (Нидерланд, «Бавария»), Хамес Родригес (Колумбия, «Реал»), Бастиан Швайнштайгер (Германия, «Бавария»), Яя Туре (Кот-д’Ивуар, «Манчестер Сити»).

Жүлдеге үміткер үш фавориттің есімі 1 желтоқсанда белгілі болады. Ал, Цюрихтегі марапаттау рәсімінде «Алтын доп» иегерінің есімі аталады. Марапаттау рәсімі 2015 жылдың 12 қаңтарында өтеді.

Айта кетейік, 2013 жылғы «Алтын доп» жүлдесін Криштиану Роналду иеленді.

 

Сондай-ақ, ФИФА «2014 жылдың үздік бапкері» атағына үміткер бапкерлердің тізімін жариялады.

Олар: Жозе Моуринью (Португалия, «Челси»), Карло Анчелотти (Италия, «Реал»), Антонио Конте (Италия, Италия құрамасы), Хосеп Гвардиола (Испания, «Бавария»), Юрген Клинсман (Германия, АҚШ құрамасы), Йоахим Лев (Германия, Германия құрамасы), Мануэль Пеллегрини (Чили, «Манчестер Сити»), Алехандро Сабелья (Аргентина, Аргентина құрамасы), Диего Симеоне (Аргентина, «Атлетико»), Луи ван Гаал (Нидерланд, «Манчестер Юнайтед).

Еске сала кетейік, мюнхендік «Баварияны» жаттықтырған Юпп Хайнкес 2013 жылдың үздік бапкері атанған болатын.

Хабарламаларға жазылу