Ибрагимович: Алтын допты осы жолы Санта-Клаусқа бере салайық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ибрагимович: Алтын допты осы жолы Санта-Клаусқа бере салайық

02.01.2014
Футбол алаңында және одан сырт жерлерде өзінің қалыпқа симайтын қылықтарымен аты шыққан Швеция құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимович үздік жыл футболшысына берілетін «Алтын доп»  жүлдесін Санта-Клаусқа бере салуды ұсынды.
 
«Алтын доп» сыйлығына үміткерлер тізімінде болған Ибрагимович, жүлдеге үміткер үштікке іліге алмай қалған соң осылай деп, «ағынан жарылды».  Енді жүлдеге тек Лионель Месси,  Криштиану Роналду және Франк Рибери таласатын болады.
 
«Алтын допқа» келсек,  менің ойымша үш үміткер де бұл сыйлыққа лайық, сол үшін «Алтын допты» Санта-Клаус алуы  керек», деді Ибрагимович. Бұл туралы  goal.com хабарлайды.
 
Фото: psg.fr

Хабарламаларға жазылу