Павлодар қаласында «Менің Қазақстаным» атты ән байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласында «Менің Қазақстаным» атты ән байқауы өтті

28.10.2014
Павлодар қаласында «Менің Қазақстаным» атты ән байқауы өтті

Павлодар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында 18 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде «Менің Қазақстаным» патриоттық әндер байқауы өз мәресіне жетті. 

Тілдерді дамыту басқармасының маманы Дәулет Темірболаттың айтуынша, «аталмыш мектептегі 14 ұлттық сыныптардың әрқайсысында шығармашылық ұжымдар мен музыкалық дарынды балалар бар. Сол талант иелерінен байқау сахнасына іріктеліп шыққан солистер мен ансамбльдер мемлекеттік тілде және өз тілдерінде түрлі әндерді әуелетіп, көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады».

Бірінші орынды «Туған жер» әнін әсем орындағаны үшін «Әуен» мектебінің вокалдық студиясы иеленді. Сондай-ақ, кабардин-балқар және қарашай-черкасс, татар-башқұрт бөлімдерінің вокалшылары да жүлдегер атанды.

Ең үздік орындаушылар бағалы сыйлықтармен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. 

 

Хабарламаларға жазылу