Ақтауда жас ақындар арасында «Шәкәрім оқулары» байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда жас ақындар арасында «Шәкәрім оқулары» байқауы өтті

27.10.2014
Ақтауда жас ақындар арасында «Шәкәрім оқулары» байқауы өтті

Ақтауда жас ақындардың арасында «Шәкәрім оқулары» байқауы  өтті. Байқау қала әкімдігінің қолдауымен, қалалық жастар саясаты орталығының ұйымдастыруымен өткізілді, деп хабарлайды Ақтау қаласының ресми сайты.

Байқаудың негізгі мақсаты – атадан балаға мирас болған байлығымыз, қазынамыз туған тілге, көркем әдебиетке, оның ішінде поэзияға деген жас ұрпақтың құштарлығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін ұштап, жетілдіру. Жастарды қазақ халқының ұлы ойшылдарының рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін оятып, жігерлендіріп биік мақсаттар қоюға ықпал ету.

Байқауға қатысушылар жас айырмашылығына қарай 2 топқа бөлініп («А» тобы: 14-16 жас, «Б» тобы: 17-24 жас), 3-кезең бойынша сайысқа түсті.

Бірінші кезеңде қатысушылар «Мұхиттай терең мұра» - Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармасынан (2-3 минуттық) өлеңдерін жатқа оқыды.

ІІ кезең бойынша «Махаббаттың жыршысы» - Шәкәрім дастандарынан үзінді (2-3 минуттық) жатқа мәнерлеп оқыды.

Ал, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деп аталған соңғы кезеңде - жас ақындар өз шығармаларын (2-3 минуттық) жатқа айтты.

Байқау қорытындысы бойынша «А» тобынан, яғни кіші топтан жүлделі ІІІ орынды: «Мейірбике» колледжінің студенті Қадырбергенова Әлия иеленсе, 2-орынға: №8 орта мектептің оқушысы Рашидқызы Сақида ие болды. Ал 1-орынды №23 орта мектептің тәлімгері Табынаева Дидар қанжығасына байлады. «Б» тобынан 3-орынды: Ш.Есенов атындағы КМТжИУ студенті Өмірзақ Гүлден иеленсе, 2-орынды: Маңғыстау гуманитарлық колледжінің намысын қорғаған Рысбай Амангелді місе тұтты. Ал жүлделі 1-орын: №22 орта мектептің оқушысы Берекетов Мерекеге бұйырды. Жеңімпаздар дәрежелі дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Хабарламаларға жазылу