Алматыда американдық деректі кино фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда американдық деректі кино фестивалі өтеді

26.10.2014
Алматыда американдық деректі кино фестивалі өтеді

31 қазан мен 6 қараша аралығында Алматыда американдық деректі кинолар фестивалі өтеді, деп хабарлайды «Алматының мәдени күнтізбесі» порталы өзінің Instagram-дағы парақшасында. 

«Американдық деректі киноның ортаазиялық фестивалі аясында Американың мәдениеті, нақтырақ айтқанда, американдық үндістердің  және батысамерикандықтардың тыныс-тіршілігі жайлы баяндайтын, көптеген жүлделерге ие болған бес кино көрсетіледі», делінген хабарламада. 

Атап айтқанда, олар «Бак», «Кенттену» («Урбанизация»), «Қараңғы қала» («Темный город»), «Шипалы ойын» («Лечебная игра»), «Уранға деген құмарлық» («Урановый драйв») фильмдері болмақ.

Хабарламаларға жазылу