20-шы Халықаралық деректі фильмдер фестиваліне өтінімдер қабылдануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

20-шы Халықаралық деректі фильмдер фестиваліне өтінімдер қабылдануда

13.03.2016
20-шы Халықаралық деректі фильмдер фестиваліне өтінімдер қабылдануда

ХХ Халықаралық деректі фильмдер фестивалі 2016 жылдың 25-30 қазаны аралығында Чехияның Йиглава қаласында өтеді. 

Фестиваль аясында байқаудан тыс  және эксперименттік фильмдер көрсетілімі, семинарлар мен  пікірсайыстар ұйымдастырылмақ.

Байқау нәтижесінде жүлделер 6 санат бойынша табысталады:

Ең үздік халықаралық деректі фильм;

Үздік еуропалық деректі фильм;

Ең үздік чех фильмі;

Дебюттық фильм;

Эксперименттік және қысқаметражды деректі фильм.

Фильмдер ағылшын, неміс, француз, орыс, словак және чех тілдерінде болуы тиіс. Басқа тілдегі туындылар осы тілдердің бірінде субтитрмен берілуі шарт.

2015 жылы түсірілген фильмдер үшін өтінімдер қабылдау - 30 сәуірге дейін, биылғы жылғы деректі фильмдер үшін 30 маусымға дейін жүргізіледі, деп хабарлайды ijnet.org.

Хабарламаларға жазылу