Алматыда «Clique» авторлық кино фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Clique» авторлық кино фестивалі өтеді

04.11.2014
Алматыда «Clique» авторлық кино фестивалі өтеді

6-9 қараша аралығында «Арман» киноорталығында алғаш рет «Clique» авторлық кино фестивалі ұйымдастырылады. Фестиваль аясында BAFTA Shorts бағдарламасына енген британ режиссерлерінің қысқаметражды картиналары көрсетіледі.

Биыл BAFTA Shorts бағдарламасына Ұлыбританияның 6 үздік фильмі енген. Көрсетілім ұзақтығы – 78 минут.

Айта кетейік, фестивальдің басты қонағы – Канн фестивалінің жүлдегері Олег Негин.

2014 жылдың бағдарламасына енген үздік авторлық туындылар: «Нағима» (Режиссері: Жанна Исабаева), «Бердмен» (Режиссері: Алехандро Гонсалес Иньярриту), «Қожайындар» («The owers». Режиссері: Әділхан Ержанов), «Сен-Лоран. Стиль – бұл мен» (Режиссері: Бертран Бонелло), «Құштарлық» («Whiplash». Режиссері: Дэмьен Шазелл), «Тайпа» («The tribe». Режиссері: Мирослав Слабошпицкий), «Қысқы ұйқы» (Режиссері: Нури Бильге Джейлан), «Анашым» (Режиссері: Ксавье Долан), «Сынақ» (Режиссері: Александр Котт), «Екі күн, бір түн» (Режиссері: Жан-Пьер Дарденн).

Хабарламаларға жазылу