24 қазан күні сағат 12.00-де Достық үйінде қазақ күресі бойынша «Alem Barysy» халықаралық туриріне қатысушылар журналистермен және жанкүйерлермен кездеседі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласына қазақ күресінен әлемнің үздік палуаны атану үшін 35 мемлекеттен келетін спортшылар әлеуметтің сұрақтарына жауап береді. Сондай-ақ, палуандармен суретке түсіп, қолтаңба алуға ниет білдіргендер үшін фотосессия ұсынылады.