«Alem Barysy» турниріне қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі 23 қазанда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Alem Barysy» турниріне қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі 23 қазанда өтеді

21.10.2014
«Alem Barysy» турниріне қатысушылардың салмақ өлшеу рәсімі 23 қазанда өтеді

23 қазан күні сағат 19.00-де  «Хан Шатыр»  сауда-ойын-сауық орталығында қазақ күресінен І Халықаралық «Alem Barysy» турниріне қатысушылардың ресми түрде салмақ өлшеу рәсімі өтеді.

Салтанатты шараға 35 елдің спортшылары қатысады.

Олардың арасында дзюдодан Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері кубалық Видал Брайсон, дзюдодан Әлем чемпионы чехиялық Лукаш Крпалек, дзюдодан Австралияның абсолютті чемпионы Джейсон Безуденхут бар.

Еске сала кетейік, «Alem Barysy» турнирі 25 қазанда, сағат 12.00-де  Павлодар қаласындағы «Астана» мұз сарайында өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу