Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады - «Қазгидромет» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады - «Қазгидромет»

23.10.2014
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады - «Қазгидромет»

Бүгін Қазақстанның басым аумағында фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашынды болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеймек.

Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Алматы, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарының кейбір жерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетіп, Қарағанды облысының кей аймағында көктайғақ болады.

Ақтөбе облысында, сондай-ақ күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ге дейін күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кейбір ауданында тұман түсу ықтимал.

Хабарламаларға жазылу