Астанада 55 миллион еуроға бағаланып отырған күн электр станциясы салынады. Бұл туралы бүгін «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу» ЖШС-ның басқарушы директоры Мұхтар Ғазизов айтты.
Станция жеке инвестицияларды тарту есебінен қала аумағында салынбақ.
Белгілі болғандай, бұл нысанның құрылысы үшін 125 гектар жер қажет. Сондай-ақ, жоба құны 55 миллион еуроға бағаланып отыр.
Станция 2016 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылмақ. Бүгінде осы нысанға жер телімін бөлу тұрғысындағы шаралар атқарылуда.