Қасым-Жомарт Тоқаев «TotalEnergies» мұнай-газ концернінің басшыларын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев «TotalEnergies» мұнай-газ концернінің басшыларын қабылдады

28.10.2021

Қазақстанда қуаты 1 гигаватт болатын жел электр стансалары салынады. Меморандумға қол қойылды. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болған «TotalEnergies» мұнай-газ концернінің басшылары айтты. Кездесуда франция компаниясының қатысуымен еліміздегі жаңартылатын қуат көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда және Жамбыл облыстарындағы екі күн электр станциясы құрылыстарының аяқталып, пайдалануға берілгенін атап өтті. Сонымен қатар Қашаған және Дұнға кен орындарындағы мұнай өндіру көлемін арттыру мәселесі сөз болды.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу