Алпысбай Шымырбайұлы: Еліміздегі үнді телехикаяларының басында «Келін» тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алпысбай Шымырбайұлы: Еліміздегі үнді телехикаяларының басында «Келін» тұр

22.10.2014
Алпысбай Шымырбайұлы: Еліміздегі үнді телехикаяларының басында «Келін» тұр

«Ғажайып Үндістан» журналының бас редакторы, журналист Алпысбай Шымырбайұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Мен талай жыл «Ұлан» газетінде қызмет еттім. Сол газетте «Тагор» атты әдеби-танымдық бөлім болды.  Бұл бөлім оқырмандар арасында ерекше ықыласқа ие еді. Міне, кейін сол бөлімнің жалғасы ретінде 1992 жылы «Ғажайып Үндістан» газетін шығара бастадым. Ал, 1993 жылы елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз конференциясында осы «Ғажайып Үндістан» газеті  Қазақстан мен Үндістан арасындағы рухани достық көпірі», деп бағалады»,-дейді Алпысбай Шымырбайұлы.

«Қазақ жеріне үнді фильмдерін бастап келген Радж Капурдың «Кезбе» фильмі болса, елімізге алғаш келген үнді телехикаяларының басында «Қазақстан» Ұлттық  телеарнасындағы «Келін» телехикаясы тұр. Бұл туындыдағы басты кейіпкер Анандидің бала кезін сомдаған актриса Авика Гордың елімізге сапары кезінде мен Астанаға арнайы келіп, сұхбат алдым. Ол сұхбат толық көлемде осы журналда жарық көрді»,-дейді журналдың бас редакторы.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу