Қазақстанға Шив келе жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға Шив келе жатыр

10.02.2015
Қазақстанға Шив келе жатыр

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көрсетіліп жатқан үндінің  «Келін» телехикаясы көрерменнің сүйікті телехикаяларының біріне айналды. Үнділердің ескі дәстүрі бойынша бала кезінен тұрмысқа берілген қыз баланың тағдырын баяндайтын туындының бұл күндері актерлері «есейіп», жаңа есімдер қосылды. Солардың бірі – Шив ( шын есімі – Сиддхартх Шукхла).

Сиддхартхтың 2012 жылы «Balika Vadhu» жобасына келуі айтарлықтай жаңалық болды. Оның экрандағы кейіпкері Шив – нағыз азамат. Екі сөйлемейтін, кең пейілді, ақылды әрі көрікті жігіт телекөрермендердің көзіне бірден түсті.

Алайда, Шив актердің алғашқы рөлі емес. Ол тұңғыш рет 2008 жылы басқа үнді телехикаясында басты рөлді сомдаған. Актерлық жолын атақты үнді продюсері Каран Джохардың «Humpty Sharma Ki Dulhania» фильмінен бастаған.

«Balika Vadhu» - менің өмірімде болған ерекше жаңалықтардың бірі. Бұл рөл маған әрбір актер армандайтын танымалдылықты алып келді»,-дейді актер.

Біздің анықтама:

Сиддхартх Шукхла  1980 жылы 12 желтоқсанда Үндістанның Мумбай қаласында дүниеге келген. Әкесі – инженер-құрылысшы, екі қарындасы бар.

Әр түрлі жанрдағы фильмдерді көргенді ұнатады.

Ең сүйікті актері – Эль Пачино.

Жақсы көретін түсі – ақ.

Сиддхартх актерлықтан бөлек, кәсіби модель болып та қызмет етеді.

Хабарламаларға жазылу