«Келін» телесериалы көрермендерімен қайта қауышады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Келін» телесериалы көрермендерімен қайта қауышады

16.09.2015
«Келін» телесериалы көрермендерімен қайта қауышады

Аталмыш сериалдағы қалың көпшіліктің жүрегін жаулап алған басты кейіпкерінің  шытырман оқиғаларға қайта жалғасын таппақ.

Телехикаяның көрермендердің назарына қайта ұсынылуына себеп болып отырған мәселе - еліміздің түпкір-түпкірінде, алыс ауылдардан бастап, үлкен қалаларда тұратын көптеген көрермендер «Қазақстан» телеарнасының редакциясына және әлеуметтік желілерде (ВКонтакте, Facebook, Twitter, Instagram) хаттар жолдап, эфирде «Келін» сериалының жалғасын қоюды өтіне сұрауда.

Бұл хаттардан аға буын өкілдерінің де жастардың да аталған жобаға деген қызығушылығын көруге болады.

Астана қаласының тұрғындары Жүсіповтер, Амангелдиевтер және Бейсембектердің отбасылары: «Бұл сериал бізді жарқын бояуларымен, әдемі бет-бейнелерімен баурап қана қоймай, сол сияқты кейіпкерлердің бір-біріне деген қарым-қатынасы, үлкендерге деген құрметі, қазақ дәстүріне өте ұқсас болғандықтан бізді тәнті етті. Бұл сериалда бәрі дерлік көңілге қрнымды, ене мен келін, шеше мен қыздың, әже мен немеренің, ағайындардың арасындағы қарым-қатынастардың өте орынды екенін жеткізгіміз келеді! Сондықтан, «Қазақстан» арнасы «Келін» сериалының көрсетілімін тоқтатқанда көңіліміздің жабырқап қалғаны рас»,- деген ниеттерімен бөліседі.

Қызылорда облысынан Алмагүл Мырзабек өзінің хатында өзі тұрып жатқан ауыл азаматтарының барлығы  «Келін» сериалын көретіндігін айтады. «Меніңше, Үндінің мәдениеті, отбасылық қағидалары біздің табиғатымызға ұқсас. Бұл еліктеушілік емес, алайда үдістандықтардың дәстүріндегі өзімізге ұқсас  үлкенге деген құрмет, кішіге ізет сияқты құндылықтарды насихаттаудың артықтығы жоқ. Сондықтан сериал жалғасын тауып жатса, ол көрермен қауымға қуаныш силайтыны сөзсіз»,-дейді.

«Қазақстан» телеарнасы өз көрермендерінің осы сынды өтініштерін ескере отырып, жаңа маусымда сериал көрсетілімін жалғастырмақ.

Бұл керемет актерлік құрамы бар, әдемі киім үлгілерімен, қайталанбас шығыс колориті бар үнді кинематографиясындағы режиссерлердің ең үздік туындыларының бірі. Жаңа маусымда көрермендерді көгілдір экранда көптеген сезімдерге толы ғажап сәттер, құштарлық пен толқулар және шытырман оқиғалар күтіп тұр.

«Келін» телесериалын «Қазақстан» телеарнасының эфирінде 21-ші қыркүйектен бастап дүйсенбі-жұма аралығында сағат 22:00-де тамашалаңыздар.

Хабарламаларға жазылу