Каратэ XV ғасырда Окинава аралдарындағы жергілікті халық арасында жаудан қорғану мақсатында өмірге келген. Ол кезде Окинава Жапониямен емес, Қытаймен көбірек байланыста болды. Сөйтіп, каратэ қытайдың «кунг-фу» қарусыз күрес түрімен қатар дамыды.
Қатаң тәртіпті талап ететін физикалық тұрғыдан ғана емес, сана-сезімнің мықтап жетілуіне септігін тигізетін спортшыларға берілетін белбеулер туралы не білеміз?
Бұл турасында 2 дан мен қара белбеу иегері Архам Майданұлы былай дейді: «Ең алғаш келгенде бала ақ белбеумен келеді. Ақ белбеу – баланың тазалығы. Жолын енді бастап жатқан, аппақ сүттей таза дегенді білдіреді. Одан кейін қызыл белбеу беріледі – бұл Күннің шығуын меңзейді».
Бір қызығы, бұл белбеулерді жууға болмайды. Себебі, төккен тер мен атқарылған еңбек те жуылып кетуі мүмкін деген қағида бар.
Жаттықтырушылардың каратэшілерге қояр талабы туралы «Таңшолпаннан» көріңіз.