Ағылшын клубы жанкүйерлерге билеттің ақшасын қайтарып бермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ағылшын клубы жанкүйерлерге билеттің ақшасын қайтарып бермек

21.10.2014
Ағылшын клубы жанкүйерлерге билеттің ақшасын қайтарып бермек

Ағылшын Премьер-лигасының 8-ші турында «Сандерленд» командасы  сырт алаңда «Саутгемптонмен» кездесіп, ойсырай ұтылды. Есеп – 0:8. Осылайша, команда басшылығы стадионға жиналған жанкүйерлерге билет ақшасын қайтарып бермек.

Алайда, жанкүйерлердің жолақысы төленбейді. Трибунадағы билет құны – 24 фунт стерлинг болса, кейбір жанкүйер жолға 152 фунт жұмсаған.

Айта кетейік, «Сандерленд» 8 тур ішінде бір рет жеңіске жетті. Ол 8 ұпаймен 17-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды vesti.kz.

Хабарламаларға жазылу