Англияда жанкүйерлерге футбол ойындарының видеосын жариялауға тыйым салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Англияда жанкүйерлерге футбол ойындарының видеосын жариялауға тыйым салынады

15.08.2014
Англияда жанкүйерлерге футбол ойындарының видеосын жариялауға тыйым салынады

Футболдан ағылшын Премьер-лигасы жанкүйерлерге соғылған голдардың ресми емес видеосын ғаламторда жариялауға тыйым салмақ.  

Әлем чемпионаты кезінде жанкүйерлер әлеуметтік желілерге ойын барысында түсірілген мыңдаған видео жүктеген.

«Бұл жанкүйерлерге қарсы жасаған шара емес. Біз тек авторлық құқықтың сақталғанын қалаймыз», - деді Премьер-лиганың қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Дэн Джонсон.

Хабарламаларға жазылу